$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 11:41
Жаңалықтар

СҚО-ның Булаев қаласы карантинге жабылды

Тұрғындар ерекше жағдайда ғана үйінен шыға алады

СҚО-ның Булаев қаласы карантинге жабылды
Фото: pkzsk.info

Коронавирус індетінің жаппай таралуының алын алу мақсатында Солтүстік Қазақстанның Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласы бүгіннен бастап карантинге жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Булаев қаласында жүріп-тұру шектелді. Тұрғындарға сағат 22.00 мен 6.00 аралығында үйден дәріханаға бару немесе қоқыс шығару мақсатында ғана рұқсат етіледі. Сағат 19.00-ден кейін кәмелеттік жасқа толмағандарға далада жалғыз жүруге тыйым салынған. 65 жасқан азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтануы шарт.

Дәрігерлер респираторлық ауру белгілері пайда болған азаматтарға бірден дәрігер көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Аудан орталығында дезинфекциялау құралдарын сататын мамандандырылған дүкендерді қоспағанда мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, қоғамдық тамақтандыру орындарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, қызмет көрсету станцияларын, жерлеу қызметтерін, азық-түлік дүкендерін, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары