$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 11:29
Жаңалықтар

Kaz Minerals Қырғызстандағы кеніштен 500 жұмысшыны эвакуациялады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан билігінен қазақстандық компаниялар мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды сұрады

Kaz Minerals Қырғызстандағы кеніштен 500 жұмысшыны эвакуациялады
Фото: kazminerals.info

Kaz Minerals компаниясы Қырғызстандағы Бозымчак кенішінен 500 қызметкерді эвакуациялады, деп хабарлайды 24.kz.

Қазіргі уақытта тау-кен байыту кешенінде кәсіпорынның базалық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қазандық, қауіпсіздік қызмет мамандары мен электриктер қалды.

Айта кетейік, кеше ҚР сыртқы істер министрлігі Қырғызстан билігін қазақстандық компаниялар мен азаматтар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды. Бұл ретте Kaz Minerals корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкеневтің айтуынша, кеніштегі жағдай тұрақты.

«Ол кезде кеніште 550-ден астам жұмысшы мен мердігер болған. Олардың көпшілігі эвакуацияланды, өйткені біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығы компания үшін маңызды. Қазір кеніште базалық қызмет көрсетуді қолдауға жұмылдырылған қызметкерлер мен ең аз қызмет көрсетуші персонал қалды. Біз жағдайдың дамуын бақылауды жалғастырамыз», - деді KAZ Minerals өкілі.

8 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорынға жасалған шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Серіктес жаңалықтары