Давид Лория – «Астана» футбол клубының атқарушы директоры

Экс-қақпашы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 45 матчқа қатысқан

Давид Лория – «Астана» футбол клубының атқарушы директоры
Фото: fcastana.kz

Бүгін елордалық клуб басшылығы ұжымға «Астана» футбол клубының жаңа атқарушы директорын таныстырды. Ол – талай жыл Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы болған ардагер ойыншы Давид Лория.

Давид Григорьевич қаланың футбол мектебінің түлегі және Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы рекордсмен ойыншылардың бірі.

Лория футболшы  ретінде «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы» және «Локомотив» (қазіргі «Астана» - ред.) клубтарының намысын қорғап, 2009 жылы астаналық ұжым сапында ел біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды.

Сондай-ақ ол түріктің «Ризеспор», «Каршияка», швециялық «Халмстад» және ресейлік «Спартак Нальчик» клубтарының намысын қорғаған. Экс-қақпашының еншісінде жалпы саны үш чемпиондық титул бар. Лория Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен Әлем чемпионатында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ұлттық құрама сапында 45 ойын өткізді.

Давид 2019 жылы футболдағы мансабын аяқтаған соң, құрама командалардың бұрынғы ойыншылары үшін құрылған UEFA MIP футбол менеджменті бағдарламасы бойынша курста білім алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.