$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 15:12
Жаңалықтар

Көлік жүргізушілер жылына 7 млрд теңгеден астам айыппұл төлейді

Республика жолдарында 11 мың құрылғы жұмыс істеп тұр

Көлік жүргізушілер жылына 7 млрд теңгеден астам айыппұл төлейді
Фото: informburo.kz

Жолда жүру ережесін бұзған қазақстандық жүргізушілер бір жылда ел бюджетіне 7 млрд теңгеден астап айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлім етті. 

«Бүгінде республика жолдарында жолда жүру ережесін автоматты түрде тіркейтін 11 мыңнан астам құрылғы жұмыс істеп тұр. Техникалық жабдықтардың көмегімен республикада жыл сайын 1,2 млн-нан астам жолда жүру ережесін бұзу әрекеті анықталады ( ЖЖЕ әрекеттерінің 40%) құрайды. Бюджетке 7 млрд теңгеден астам қаражат түседі», - деді Түсіпов Серік.

Серік Түсіповтің мәліметінше, аймақтарда 2,1 мың патруль маршруты, ал қала шетіндегі жолдарда 211 маршрут жасақталған. 

Сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі жүргізушілерді ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктерді қысқы дөңгелектермен жабдықтауға шақырды.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары