07.10.2020, 13:51
Жаңалықтар
Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер анықталды
Алматы қаласында 8 ай ішінде 1838 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Көрнекі фото: 25 мамырда Алматыда блок-бекетте болған жол апаты
Қазақстанда 1 қаңтар мен 21 тамыз аралығында 7,5 мыңнан аса жол апаты болған. Мұндай деректі ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жариялады.
Жол-көлік оқиғасы ең көп тіркелген өңірлердің қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы енген. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы көрсеткіш Алматымен салыстырғанда 7,7 есеге аз. Жол апаты ең аз тіркелген өңірлерге Маңғыстау облысы мен СҚО енген.
- 1. Алматы - 1838
- 2. Алматы облысы - 1229
- 3. Жамбыл облысы - 594
- 4. Түркістан облысы - 553
- 5. Шығыс Қазақстан облысы - 483
- 6. Павлодар облысы - 369
- 7. Ақтөбе облысы - 357
- 8. Ақмола облысы - 331
- 9. Қарағанды облысы - 286
- 10. Қызылорда облысы - 275
- 11. Нұр-Сұлтан - 236
- 12. Шымкент - 204
- 13. Қостанай облысы - 197
- 14. Батыс Қазақстан облысы - 175
- 15. Атырау облысы - 159
- 16. Маңғыстау облысы - 145
- 17. Солтүстік Қазақстан облысы - 110.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды