$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2019, 00:21
Жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Ауруханаға түскен қалған екі науқастың жағдайы тым ауыр

Алматыда тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Алматының Жетісу ауданындағы тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан жарақаттанған бір адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Жойқын жарылыстан бөлме аралық қабырға құлап, есік-терезелері тас талқан болды. Куәгерлердің айтуынша, үйге кірген адамдар жарықты қосқан сәтте бөлмеде жиналып тұрған газ тұтанған. Зардап шеккендер сол коттеджді жалдап тұрған.

«Жағдайы өте ауыр болған 1983 жылғы ер азаматтың таңертең жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер науқасты аман алып қалуға қауқарсыз болды. Оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Науқастың денесін 100 пайыз күйік шалған, ол дереу жан сақтау бөліміне жеткізіліп, жасанды тыныс алу апаратына қосылған еді», - делінген Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Қалған екі науқастың жағдайы да тым ауыр. Бірінің денесінің 85 пайызын күйік шалған. Ал екіншісі күйік бөліміне ауыстырылыды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы