12.11.2019, 23:09
Жаңалықтар
Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады
Ақмола, Маңғыстау, Қостанай облыстарында 13 қарашада тұман түсіп, көктайғақ, болады
Фото: ашық дереккөзден
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.
Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Екпіні - 18 м/с.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді