$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 19:24
Жаңалықтар

Алматыда алкоголь өнімдерін жасаумен айналысып келген жасырын цех анықталды

Жыл басынан бері құқық қорғаушылар дәл осындай 14 цехтың жолын кескен

Алматыда алкоголь өнімдерін жасаумен айналысып келген жасырын цех анықталды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, алкогольді ішімдікті заңсыз шығарумен айналысқан топ Алатау ауданында жұмыс істеп келген деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Астыртын цехты тінту барысында 1800-ден астам алкогольдік маркалар анықталған. Олардың арасында тұтынушыларға танымал «Айдабульская», «Хаома», «Хаома зеренда», «Capital Black», «Белая Лошадь», тіптен «Казақстан» конягі де болған. Сондай-ақ, 4 мыңнан аса жалған акциздік марка тәркіленді», - деді Департаменттің баспасөз қызметі.

Заңсыз кәсіппен айналысқандардың цехынан 1300 литр таза спирт, алкогольдік өнімді дайындайтын құрылғылар мен бос бөтелкелер де табылған. Департамент тергеушілері аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-тармағы (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша іс қозғады.

Жалпы, жыл басынан бері Алматыда заңсыз айналымда жүрген 30 мың бөтелке алкогольдік өнім мен 10 тоннадан аса спирт тәркіленген.

Серіктес жаңалықтары