$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 19:15
Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны 1 желтоқсанда толықтай пайдалануға беріледі

2013 жылдың шілдесінде басталған «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны желтоқсан басында толықтай пайдалануға беріледі. Бұл туралы «QazAvtoJol» басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті

«Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны 1 желтоқсанда толықтай пайдалануға беріледі

«QazAvtoJol» басшысы автобан бойынша тек көпірді айналып өту жолының бітпегенін айтты.

«Жақында ғана Павлодарға барып келдім. Осы бағытта бізде төрт учаске бар. Биыл олар толықтай ашылады. Шідерті маңындағы көпірде атқарылатын жұмыстар қалды. Бір жағында балкалар орнатылды, ал екінші жағындағы балкаларды алдағы апта қоямыз. 1 желтоқсанда қозғалысты толық ашамыз. Қазіргі кезде төрт жолақ бойынша жол бар, тек осы көпірді айналып өту жолы ғана қалып отыр», - деді Ұ. Әліпов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін «QazAvtoJol» ұзындығы 166 шақырым «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автомобиль жолындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанын, жолшылар жол табанының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеп, жол белгілерін, қоршаулар мен қауіпсіз қозғалысқа қажетті өзге де жол элементтерін орнату жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары