$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 14:40
Жаңалықтар

Серік Ахметов сот шешіміне аппелияциялық шағым түсірді

Экс-премьер Серік Ахметов Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық сот шешіміне аппелияциялық шағым жасаған

Серік Ахметов сот шешіміне аппелияциялық шағым түсірді
Фото: ашық дереккөзден

- Кеше, 2019 жылдың 11 қарашасында Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би аудандық сотына Серік Ахметовтің апелляциялық шағымы түсті. Бұл істі әлі қабылдаған жоқпыз, бізге шағымдар аудандық сот арқылы келіп түседі. Өйткені істі қарап, шешім қабылдаған солар. Бұл шағым қазір Қазыбек би аудандық сотында жатыр, осы аптаның аяғында апелляциялық инстанция қарау үшін облыстық сотқа жіберіледі, - дейді Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі zakon.kz тілшісіне берген жауабында.

2019 жылдың 25 қазанында Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты бұрынғы Үкімет басшысы Серік Ахметовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қараудан бас тартқан еді. Прокурор Әсем Тергеубекова бұрынғы Үкімет басшысы Серік Ахметовтің өтінішіне қатысты «оның толық түзеліп шыққанын дәлелдейтін қажетті дерек жоқ, өтінішінен толықтай бас тарту керек деп санаймын» деп түсіндірді.

Ал, Серік Ахметов сот шешіміне байланысты «Мен заңға бағынатын адаммын. Сот шешімі осындай. Тиісті құжаттардың барлығы сотта. Көреміз. Сот шешімі қолымызға тисін» деп қысқа қайырды.

Естеріңізге салайық, экс-премьер Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған еді. Кейін апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын жеңілдетіп, 10 жылдан 8 жылға азайтқан. 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша С.Ахметовтің өтелмеген мерзімінің төрттен бірі азайтылып, сол жылдың қыркүйек айында бостандыққа шықты.

Серіктес жаңалықтары