$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 10:41
Жаңалықтар

Қазақстанда сегіз айда 1300 адам жол апатының құрбаны болды

Оның 146-сы кәмілеттік жасқа толмағандар

Қазақстанда сегіз айда 1300 адам жол апатының құрбаны болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жол-көлік оқиғасының саны бір жылда 5% - ға өсті. Соның ішінде жаяу жүргіншіні қағып кету және көлік құралдарының соқтығысуы жиі кездеседі. Апат салдарынан 15 мың адам зардап шекті, - деп хабарлайды Ranking.kz.

2019 жылдың қаңтар–тамыз айларында 10,1 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апатты жағдай 4,6% - ға артты. Ағымдағы жылдың сегіз айында жол-көлік оқиғасынан 14,9 мың адам зардап шекті. Зардап шеккен 13,4 мың адамның  2,6 мыңы кәмілетке толмағандар.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1300 адам қайтыс болған: 959-ы ер адам және 377-сі әйел. Ал, қаза тапқан кәмілеттік жасқа толмағандар саны - 146 адам.

Өңірлік бөліністе ең көп жол-көлік оқиғалары Алматы (3,1 мың), Алматы облысы (1,5 мың) және Жамбыл (794) облыстарында байқалады.

Жол-көлік оқиғасының ішінде жаяу жүргіншіні қағып кету жиі кездеседі. 2018 жылғы оқиғалардың жалпы санының 42,3% - ын құраған. Ал, көлік құралдарының соқтығысуы 35,8%-ды құрады.

Серіктес жаңалықтары