$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2020, 23:51
Жаңалықтар

Өскеменде радиоактивті өндірістік қалдық төгілген 200 аумақ анықталды

Ластанған топырақты залалсыздандыруға өте көп қаржы мен уақыт қажет

Өскеменде радиоактивті өндірістік қалдық төгілген 200 аумақ анықталды
Фото: 24.kz

Өскеменде радиоактивті өндірістік қалдық төгілген 200 аумақ анықталды. Биыл 9 учаскеге рекультивация жасалды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 97 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, толық залалсыздандыру үшін аз дегенде 1 миллиард теңге қажет. Ал мұндай қаржыны бір жылда бөлуге облыс қазынасы көтермейді. Сондықтан бұл жұмыс кезең-кезеңмен атқарылмақ. Алайда экологтар бұл мәселені тез арада шешуді талап етіп отыр. Олардың айтуынша, қаланың кейбір жеріндегі улы радиация қалыпты мөлшерден 40-50 есеге көп.

Ластанған топырақты залалсыздандыруға өте көп қаржы мен уақыт қажет. Бұл ғылыми түрде зерттеліп, нақты картографиялық мәліметтер бойынша жасалады.

«Биыл 2 учаскеде жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы жылы жұмыстардың бәрі алдымен жасалған жоба бойынша сараптамадан өтеді. Мамандар өндірістік қалдықтар төгілген жерлердегі топырақтың қабатын қырып алады. Ол арнайы контейнерлерге салынып, ұлттық ядролық орталықтың полигонына жөнелтіледі. Шамамен 500 шаршы метрден де аз жерге бірнеше ай рекультивация жасалады», - дейді радиологиялық зерттеулер орталығының директоры Ерік Сандыбаев.

Серіктес жаңалықтары