Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сәрсенбі күні бұл облыстарда қатты жел соғады

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты алты облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы 23 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жыодамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында тұман, шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.