$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2020, 18:57
Жаңалықтар

Құс тұмауы Ақмола облысының 9 ауданынан анықталды

Облыс бойынша 173 мың үй құсына екпе салынған

Құс тұмауы Ақмола облысының 9 ауданынан анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты үй құстарына жаппай екпе жүргізілуде. Алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 173 мыңнан астам құсқа екпе салынды. Облыстық ветеринарлық қызмет басқармасының мәліметінше, облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерін жағалай орналасқан елдімекендерде 24 қыркүйектен бастап құс тұмауына байланысты жаппай екпе егу басталған.

Өңірдегі «Капитал Прожект», «Астана Құс», «Бурабай Агро Инвест», «Ижевское» сияқты ірі құс шаруашылықтары өз қаражаты есебінен 1462,0 мың бас құсқа екпе салған.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Бұлашев жақын күндері тағы екі құс фабрикасында екпе егу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Құс тұмауының одан ары өршіп кетуіне жол бермеу мақсатында ауылды елдімекендерде тұрғындармен, сондай-ақ құс шаруашылықтарының басшыларымен құстарды жабайы құстармен жақындатпай, қамап ұстау қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринар қызметкерлер күн сайын құс өсіретін кәсіпорындар мен құс өсіретін тұрғындардың қора-жайларына барып клиникалық бақылау жүргізуде. Сондай-ақ су қоймаларында, құстар ұя салатын жерлерде тұрақты мониторинг жасалуда», - дейді басқарма басшысы.

Облыстық ветеринарлық басқарманың соңғы мәліметтері бойынша 11 елдімекеннен алынған зертханалық зерттеу материалдары бойынша облыстың 9 ауданында үй құстарынан құс тұмауы  анықталды.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары