$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2020, 21:34
Жаңалықтар

Алматыда алимент төлеуден қашып жүрген азамат баспанасынан айырылды

Ол бұрынғы әйеліне 2,3 млн теңге төлеуі керек болған

Алматыда алимент төлеуден қашып жүрген азамат баспанасынан айырылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жеке сот орындаушылар алимент төлемеген тұрғынның үйін 20 млн 400 мың теңгеге сатып жіберген. Ол бұрынғы әйеліне 2,3 млн теңге төлеуі керек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қарағанды қаласы Октябрь аудандық №2 сотының атқарушы құжаты бойынша, азамат кәмелеттік жасқа толмаған баласына ай сайын барлық табысының 1/4 бөлігін беріп отыруы керек. Атқару парағы бойынша жеке сот орындаушы алимент төлемеген азаматтың үйін арестке  қойды. Сату—сатып алу құжаты негізінде баспана 20 484 149 теңгеге сатылып,  оның 2 323 066 теңгесі алимент бойынша аударылды», — деді Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі. 

Департаменттің мәліметінше, қалған ақша үйдің иесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары