$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2020, 14:44
Жаңалықтар

Өсімдік карантині: Қазақстанға заңсыз өнім тасығандарға 110 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

720 жағдайда жүк жөнелтуші елге қайтарылды

Өсімдік карантині: Қазақстанға заңсыз өнім тасығандарға 110 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Өткен 8 айда Қазақстанға әкелінетін жүктерді тексеру кезінде өсімдік карантині бойынша 2,7 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, көп жағдайда өсімдік өнімдерін импорттаушылар тауарларды міндетті фитосанитариялық сертификатсыз алып келуге тырысады. Сондай-ақ жалған немесе сәйкес келмейтін сертификатпен, тыйым салынған және зиянкестері бар өнімдерді елге кіргізу әрекеттерінің көптеген жолы қиылды.

Аталған фактілер бойынша 2225 жеке және заңды тұлғаға 110 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 720 жағдайда жүк жөнелтуші елге қайтарылды (9992 тонна, 1259 м3 және 1 701 273 дана), 8 жағдайда өнім жойылды, үш жағдайда қайта өңделген.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты экспорттаушы елдерге 477 нотификация жіберілді. Оның ішінде: Өзбекстанға - 252, Ресейге – 127, Иранған – 38.

Қазір Қазақстанда 77 сыртқы және ішкі фитосанитариялық бақылау бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 32 бекет республиканың шекара маңындағы өңірлерінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды күшейту үшін жақында ашылған.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 6 тамыздан бастап Шығыс көбелегі мен Комсток құртының анықталуына байланысты Өзбекстан аумағынан жеміс-жидек алып келуге уақытша тыйым салғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары