Нұр-Сұлтанда наурыз айынан бері 14 мың адам коронавируспен ауырған
Науқастардың арасында ерлердің үлес салмағы басым
Нұр-Сұлтан қаласында карантин басталған 13 наурыз бен 29 қыркүйекке дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 14 084 адамды құрап отыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ауырғандардың ішінде 8645 симптомдармен және 5439 асимптоматикалық, 540 КВИ (вирус сәйкестендірілмеген) тіркелген. Жас құрылымы бойынша 40-тан 65 жасқа дейінгі жұқтырған адамдар санының өсуі байқалады. Егер КВИ-ді тіркеудің басында қалада ерлер арасында ауырғандардың үлес салмағы басым болса және 60,3% – ды құраса, онда 8 айдың қорытындысы бойынша ауырғандардың үлесі артып, - 53% - ды құрады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Жанна Қыдырбайқызы.
Қазіргі уақытта КВИ ауруының жағдайларын тіркеу жалғасуда, тәулігіне симптомдары бар аурудың басымдығымен 3-тен 20-ға дейін жағдай тіркеліп отыр.
Ауырған балалар саны қанша?
КВИ тіркеудің барлық кезеңінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген– 594 жағдай (4,2%) болса, оның ішінде 252-сі симптомдармен (42%), 342-сі симптомсыз (58%).
15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 75 жағдай (31-і симптомдармен (41%), 44-і – симптомсыз (59%).
Аура балалардың көбі үй ошақтарында КВИ науқастарымен тығыз байланыста болған. Маусым айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында асимптоматикалық ағымдармен 3 жағдай тіркелді.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан