$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2020, 17:52
Жаңалықтар

«Қазақстанның туын пайдаланған». Авиация әкімшілігі Ливияға қару тасыған ұшақтар жайлы пікір білдірді

Питер Гриффитс БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі айыптаған әуе кемелеріне қатысты жауап берді

«Қазақстанның туын пайдаланған». Авиация әкімшілігі Ливияға қару тасыған ұшақтар жайлы пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияға қару тасыды деп айыптаған ұшақтар Қазақстаннан ұшпаған және сол заңсыз әрекеті үшін Қазақстанның туын пайдаланған. Бұл туралы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс мәлім етті.

Айта кетейік, 2020 жылдың ақпанында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Azee Air, Sigma Airlines және Jenis Air әуе компанияларына қатысты тергеу бастап, оларды «Ливияға қару тасыды, сол арқылы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шартын бұзды» деп айыптаған болатын.

Авиациялық әкімшілік басшысы Гриффитс аталмыш әуе компанияларының ұшақтары Ливияға ұшпағанын, халықаралық қылмысқа Қазақстан азаматтары қатыспағанын мәлім етті.

«Ливияға ұшқан Қазақстанның азаматтары емес. Бұл жалпы қазақстандық компаниялар емес, Sigma Airlines әуе компаниясының президенті Кеңесбаевты қоспағанда, ол компанияларда Қазақстан азаматтары жұмыс істемейді. Ұшақтар Қазақстаннан ұшпаған, олар БАЭ аумағынан, дәлірек айтсақ, Мысыр мен Иорданиядан ұшқан. Бар мәселе мынада: олар әуеде ұшу үшін Қазақстанды ыңғайлы тәсіл ретінде пайдаланған, яғни, ұшақтарына Қазақстанның туын ілген. Бірақ Қазақстан бұл әрекеттерді мүлде қолдамайды», - дейді Гриффитс.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің эмбаргосын бұзған, Қазақстанда тіркелген үш әуе компаниясы («Azee Air» ЖШС, «Sigma Airlines» ЖШС, «Jenis Air» ЖШС) бойынша жұмыс жүргізе келе, әуе кемелерінің меншік иелері Біріккен Араб Әмірліктерінде («AGANYA LTD») және Британдық Виргин аралдарында («Infinitive Seal Inc.») тіркелген шетелдік компаниялар екенін анықтаған.

Серіктес жаңалықтары