$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2020, 11:38
Оқиғалар

Индустрия министрлігі «Ливияға қару жеткізген» әуе компанияларына қатысты пікір білдірді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің эмбаргосын бұзған әуе компаниялары туралы

Индустрия министрлігі «Ливияға қару жеткізген» әуе компанияларына қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларының бұзылуы бойынша хаттарды ұсынды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, БҰҰ ҚК эмбаргосын бұзған, Қазақстанда тіркелген үш әуе компаниясы бойынша жұмыс жүргізді («Azee Air» ЖШС, «Sigma Airlines» ЖШС, «Jenis Air» ЖШС).

«Осы пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері Біріккен Араб Әмірліктерінде («AGANYA LTD») және Британдық Виргин аралдарында («Infinitive Seal Inc.») тіркелген шетелдік компаниялар. Аталған әуе кемелерін пайдаланушылардың әуе кемелері Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылды. Әуе кемелерінің негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағынан жүзеге асырылды. Халықаралық практикаға сәйкес,  шетелде қалыптастырылған тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан тарапы бақыламайды, керісінше ұшулар жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары бақылайды», - деп хабарлайды ведомстводағылар.

Қазақстан Республикасы заңнамасының, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бас директорының 2020 жылғы 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, азаматтық әуе кемелерінің аталған үш әуе компаниясының пайдаланушысы сертификатын, оның ішінде «Sigma Airlines» ЖШС пайдаланушы сертификатының қолданылуы уақытша тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2020 жылғы 5 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливия жөніндегі комитетінің жеткізілімге эмбаргосының бұзылуына қатысты баяндамасын ұсынды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің баяндамасында тергеу барысындағы қазақстандық билік пен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ашықтығы мен ынтымақтастығы үшін БҰҰ сарапшылар тобының алғысы атап өтілді.

«Еліміздің имиджін қақтығыс аймақтарына немесе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясындағы елдерге қару-жарақ пен әскери техниканы техниканы жеткізудің «ашық емес схемаларына» тартылған жосықсыз шетелдік әуе компанияларының әрекеттерінен сақтау мақсатында жүк тасымалдауға және оларды кейіннен бақылауға арналған әуе кемелерін тіркеу үшін қосымша шарттар әзірленді, олар «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енгізілді», - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Аталған нормалар 2020 жылдың соңына дейін «Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының аясында қабылданады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары