Тұтқынның патруль көлігінен қашуына жол берген қостанайлық полицейлер жауапқа тартылды

Ер адамның полиция көлігінің артқы есігінің шығып кеткені видеоға түсіп қалған

Тұтқынның патруль көлігінен қашуына жол берген қостанайлық полицейлер жауапқа тартылды
Скриншот: видео

Қостанайда тұтқын есігі дұрыс жабылмаған полиция көлігінен түсіп, қашып кетті. Қостанай облысы Полиция департаментінің жұмысына салғырт қараған қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды.

«Бұл оқиға 2020 жылғы 19 қыркүйекте Карбышев және Жауынгер-интернационалистер көшелерінің қиылысында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық жасағаны  үшін ұсталған ер адамды медициналық айықтырғышқа алып келе жатқан. Патруль машинасы тоқтаған кезде, тәртіп бұзушы көліктен шығып кеткен. Алайда, ол бірден ұсталып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.