23.09.2020, 15:15
Жаңалықтар
Алексей Навальный Берлиндегі «Шарите» ауруханасынан шығарылды
Ресейлік оппозиционер бұл мекемеде 32 күн емделді
Сейсенбі күні, яғни 22 қыркүйекте Алексей Навальный Берлиндегі «Шарите» клиникасының стационарынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Науқастың денсаулығы жақсарды. Алексей Навальный «Шаритеде» 32 күн емделді, оның 24 күні жансақтау бөлімінде болды», — делінген медициналық мекеме хабарламасында.
Дәрігерлердің айтуынша, Навальный жақын арада толық сауығып кетеді.
Еске сала кетейік, 20 тамызда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жансақтау бөліміне түскен еді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді