$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2020, 09:31
Жаңалықтар

Елімізде коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті

Осы жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 345 адам пневмониядан көз жұмған

Елімізде коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті
Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 364 адам коронавирустық пневмониямен ауырған. Кеше індет жұқтырғандар саны небәрі 20 адам еді. 

Соңғы бір тәулік ішінде 66 адам жазылып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Осы жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 31 532 адам пневмониямен ауырса, 345 адам көз жұмған. 26 805 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 3 524 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Серіктес жаңалықтары