Құс тұмауы Қарағанды облысына жетті

Жергілікті билік халықты дүрлікпеуге шақырды

Құс тұмауы Қарағанды облысына жетті

Соңғы үш тәулікте Қарағанды облысының Изенді, Тассуат және Нұра аудандарында үй құстарының қырылуының 86 оқиғасы тіркелген. Қазіргі таңда өлімнің себебін анықтау үшін сынамалар алынған деп хабарлайды «Сарыарқа» басылымы.

Жергілікті билік болса халықты дүрлікпеуге шақырды.

«Тұрғындарды қорықпауға шақырамын, құстың етін, жұмыртқасын сатып алудан қорықпаңыздар. Өнімнің барлығына тексеру жүргізілген. Ветеринарлар алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Өңірде эпизоотикалық ахуал тұрақты. Күн сайын құс фабрикаларының басшыларымен және дәрігерлермен жұмыс жүргізіп келеміз», - дейді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров.

Қазіргі таңда Ақмола мен Қостанай облыстарында да құс тұмауы тіркелген. Павлодар мен Қарағанды облыстарында қырылған құстардан сынама алынып, зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.