11.11.2019, 10:55
Жаңалықтар
Боран, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 20 м/сек жылдамдықпен жел соғатынын айтып отыр
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында да көктайғақ болып, боран соғады.
Сондай-ақ, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында жел соғып, тұман түседі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды