11.11.2019, 10:33
Жаңалықтар
Қостанайда мұзға құлап кеткен баланың жағдайы тұрақтанды
Бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды
Фото: ашық дереккөзден
Дәрігерлер Қостанай облысында мұзға құлап кеткен баланың қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды «Алау» ақпарат агенттігі.
Ақ халаттылардың айтуынша, баланың жағдайы тұрақтанған.
«Бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің қарауында. Ол әбден суықтап қалған. Қазіргі уақытта өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді ведомство өкілдері.
Осыған дейін Қостанай облысы, Жітіқара қаласында мұз үстінде ойнап жүрген 3 бала суға құлап кетіп, оның екеуі қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты