11.11.2019, 09:53
Оқиғалар
Қостанайда мұз астына түсіп кеткен екі бала қайтыс болды
Балаларды құтқармақ болған 65 жастағы тұрғын ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысы Жетіқара ауданында мұз астына түсіп кеткен 2 бала үсіктен қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға кеше түс ауа болған. Әлі дұрыс қатпаған мұздың үстіне ойнауға барған 3 бала суға батып кеткен. Полиция қызметкерлері балаларды 2 метр тереңдіктен алып шығып, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер қатты суық өткен 2 баланы құтқара алмады. Үшінші жасөспірім ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы орташа. Балаларды құтқармақ болған 65 жастағы тұрғын да ауруханаға жеткізілген.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды