$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.11.2019, 14:46
Жаңалықтар

Финляндия жағалауында мұз шарлар пайда болды

Мұздардың кішісі жұмыртқа пішіндес болса, үлкені футбол добымен бірдей 

Финляндия жағалауында мұз шарлар пайда болды
Фото: bbc.com

Финляндиядағы Ботника аудандарының тұрғындары өте сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәгері болды. Шығанақта кішісі жұмыртқа, үлкені футбол добы іспеттес мұздар пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Фотограф Ристо Маттила Финляндия мен Швейцария арасындағы Ботаникалық шығанақтағы «мұз жұмыртқаларды» суретке түсіріп алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін табиғи құбылыс

 «Марьянием жағалауына әйеліммен демалуға келгенмін. Ауа райы бір градус цельсииді көрсетіп тұрған. Жағалауда жұбайыммен қыдырып жүргенде осы мұз шарларды байқадым. Мұз шарлар шамамаен 30 метр жерді алып жатыр. Олардың ең кішкентайы жұмыртқа пішіндес болса, ең үлкені футбол добымен бірдей», - дейді фотограф.

Мамандардың айтуынша, әрбір толқын болған сайын олардың бетін су сипап өтеді. Шарлардың көлемі содан ұлғая түседі. Нәтижесінде жағажайда тегіс шарлар пайда болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Финляндия