$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 02:33
Жаңалықтар

18 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады

18 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

18 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлінде жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, екпіні 25 м/с, кей жерлерде найзағай күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде және таңертен екпіні 23 м/с, түнде және таңертен тұман күтіледі, кей жерлерле бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Манғыстау, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с және шаңды дауыл сақталады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары