18.09.2020, 00:56
Жаңалықтар
Шілдеде Қазақстанда 28 мыңнан астам адам қайтыс болған - Статком
Шілдеде коронавирустан көз жұмған 870 адам тіркелді
Фото: баспасөз қызметінен
2020 жылдың шілдесінде Қазақстанда 28 мыңнан аса адам қайтыс болған. Бұл 2019 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,27 есе көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
«Шілдеде Қазақстанда 28 178 адам қайтыс болған. Бұл жыл басынан бері қайтыс болғандар ішінде ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін алсақ, биыл қаңтарда 11 867 адам, ақпанда 10 842, наурызда 8 511, сәуірде 4 441 адам көз жұмған. Кейін өлім саны арта бастады - мамырда 14 358, маусымда 14 949 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, шілдеде коронавирус құрбандарының саны да көп болды - 30 маусым мен 2 тамыз аралығында Қазақстанда COVID-19-дан 870 өлім тіркелді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды