$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 00:12
Жаңалықтар

Алматыдағы шағынаудандардың бірі 30 жылдан бері ауыз сусыз отыр

Сонымен қатар шағынаудан тұрғындары көгілдір отынсыз отыр

Алматыдағы шағынаудандардың бірі 30 жылдан бері ауыз сусыз отыр
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 30 жылдан бері ауыз сусыз және көгілдір отынсыз отырған шағынаудан бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Көкшоқы халқының айтуынша, газ құбыры ауданға екі жыл бұрын тартылған. Бірақ әлі үйлеріне газ кіргізе алмай отыр. Ал суды көпқабатты даладан тасып ішіп жүр. 

«Бұл шағынаудан 2014 жылы Алматы облысынан Алматы қаласы аумағына өткізілген болатын. Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасымен газ құбырлары тартылған. Өткен аптада мердігер компания толық тексерістен өткізді. Енді тұрғындар ҚазТрансГаз-ға жүгіне алады. Газ кіргізуге ешқандай кедергі жоқ», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев.

Оның айтуынша, бір аптаның көлемінде тұрғындар ішкі инженерлік желілерін қалпына келтіріп, газ құбырына қосылады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #ауыз су