18.09.2020, 03:20
Жаңалықтар
Атыраудағы шағынаудандардың бірі 10 жыл бойы жолсыз отыр
Халық бұл ықшамауданға 13 жыл бұрын қоныстана бастаған
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда «Балауса» шағынауданының жолсыз күй кешкеніне 15 жылға жуықтапты. Тұрғындар жазда шаң-тозаңнан, қыста қарлы бораннан, күз-көктемде лай-балшықтан шаршағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Халық бұл ықшамауданға 13 жыл бұрын қоныстана бастаған. Содан бері бірнеше көше пайда болды.
«Жетім көше деймін. Жол жоқ. Түнде жарық жоқ. Пошта жоқ. Жаңбыр жауған күні 270 бала мектепке бармайды», - деді шағынаудан тұрғыны Мұханғали Қапсиықов.
Тұрғындар, тас жол сұрап талай табалдырықты тоздырған. Шенеуніктер уәдені үйіп-төгіп шығарып салатын көрінеді. Елдің айтуынша, атқамінерлер мұнда жиі келмейтін көрінеді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды