16.09.2020, 22:29
Жаңалықтар
Алматыда дәрігерлер туа біткен жүрек ауруы бар сәбидің өмірін сақтап қалды
Операция баланың дүниеге келгеніне он күн болғанда жасалды
Фото: ашық дереккөзден
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері жаңа туған нәрестеге өмірінің оныншы күнінде операция жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бала дүниеге туа біткен жүрек ауруымен келген. Бұл ауру жаңа туған нәрестелер мен олардың өмірінің алғашқы айларында өте ауыр өтеді.
«Жағдай өте ауыр еді және кардиохирургтің көмегі қажет болды. Шамамен 2 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Бала өзін жақсы сезінеді. Ауруханадан шығарылуға дайындалып жатыр», - дейді Перинатология және кардиохирургия Орталығының директоры Ғани Бодықов.
Бала 27 күн бойы реанимацияда жатты және кеше анасының қасына палатаға ауыстырылды.
Көп оқылған
07.07.2026, 12:24
«Ақсу мен Екібастұзды үрейде ұстаған»: студенттер мен жұмысшыларды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 10:48
Алматылық онкологтар әйелдің ішінен 10 келі ісікті алып тастады (ФОТО)
07.07.2026, 10:30
«Тұрсынбек неге келмеді?»: Мөлдір Мұқанова Rixos қонақ үйінде үш баласына той жасады (ВИДЕО)
07.07.2026, 07:29
Аптап ыстық басылар емес: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы