$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 22:50
Жаңалықтар

OnlineMektep.org білім беру платформасы ZOOM жүйесімен интеграция жасады

Бұл жасырын кибершабуылдардан қорғануға мүмкіндік береді

OnlineMektep.org білім беру платформасы ZOOM жүйесімен интеграция жасады
Фото: ашық дереккөзден

OnlineMektep білім беру платформасы мен ZOOM жүйесінің интеграциясы жасырын кибершабуылдардан қорғануға және портал қолданушыларының танымал халықаралық видео-конференция қызметін тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы карантин жағдайында еліміздегі мектептерде қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жиын барысында жоба мамандары OnlineMektep порталы мен әлемде видео-конференция қызметін ұйымдастыру бойынша өте танымал ZOOM платформасының интеграциясы жасалып жатқанын мәлімдеді. Мұндай интеграция қазақстандық мұғалімдер мен оқушылардың ZOOM мүмкіндіктерін тегін пайдаланып, сондай-ақ, кибер-бұзақылардың шабуылдарынан сақтануын қамтамасыз етеді», - деп жазылған хабарламада.

Бұл әлеуметтік жоба болғандықтан мамандар платформа жұмысына қызығушылық танытқан әр адамның сұрағына жауап беріп, пікірін тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, 

COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қазақстандық мектептер жаппай қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Бірақ еріксіз міндеттелген қашықтан оқыту форматы туралы негізсіз пікірлер қалыптасып, түрлі қиындықтар туындады. Қашықтан оқыту жүйесінің жұмысы қалай жүреді және оны кімдер ұйымдастырады? Контент пен оқыту әдістемесінің қандай түрлері қолданылады? Кибер-бұзақылардың шабуылдарынан қорғанудың жолдары қандай? OnlineMektep.org білім беру платформасының мамандары қашықтан оқытуды ұйымдастыру және оның әдістемелік әрі техникалық ерекшеліктері төңірегінде осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

 

 

Серіктес жаңалықтары