$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 21:56
Жаңалықтар

Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да ескерту жариялады

Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com

Қазақстанның 12 облысында және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында найзағай, желдің жылдамдығы секундына 18 метр болады.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл, бұршақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23 метрге жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ, тұман, дауыл болып, желдің жылдамлығы секундына 15-20 метр болады. Таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысында күндіз найзағай жарқылдар, шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан  облыстарында кей жерлерде найзағай, дауыл соғады, күндіз бұршақ жауады. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр болады.

Серіктес жаңалықтары