16.09.2020, 17:51
Жаңалықтар
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты
Соңғы бір тәулікте вирус 92 мыңнан астам адамнан анықталған
Фото: aljazeera.com
Үндістанда қауіпті індеттен 1 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алған соң, алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады. Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78%-ды құрайтынын алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан.
5 миллионнан астам науқастың 4 миллионға жуығы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24%-ға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған.
Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, бұған дейін жұқтырғандардың саны бойынша әлемде екінші орында тұрған Бразилияны басып озған еді.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды