$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 17:32
Жаңалықтар

Ашылуына Білім министрі қатысқан Бурабайдағы мектеп айыппұл төлейтін болды

Бурабайдағы мектептің ашылуына қатысқан бір топ адам санитарлық талапты бұзған

Ашылуына Білім министрі қатысқан Бурабайдағы мектеп айыппұл төлейтін болды
Фото: ашық дереккөзден

Өткен демалыс күндері Бурабайдағы «IQanat High School of Вигаbay» жекеменшік мектебінің ашылуында болған оқиғаға байланысты тексеру жүріп, мектеп әкімшілігіне 638 940 теңге көлемінде айыппұл салынатын болды. Бұл туралы Ақмола облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде фотосуреттер мен жағымсыз посттардың жариялануына байланысты, Басқарма полиция қызметімен бірлесіп «IQanat High School of Вигаbay» білім беру мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Жаппай іс-шараларды өткізуде, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтамай отырып, санитариялық-карантиндік талаптарды бұзғаны үшін, «IQanat High School of Вигаbay» білім беру мекемесінің ұйымдастырушы, басшылығы ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 230 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: «Түгел жазалаймыз»: Бурабайда шенеуніктер мен кәсіпкерлер карантин талаптарын бұзып, жаңа мектептің ашылуына қатысқан

Ал жеке тұлғаларға қатысты алгоритмге сәйкес, аймақтың Полиция департаменті тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері де осы мәселеге қатысты пікір білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары