Головкин промоутерімен кездесті
Олар алдағы жекпе-жектерге жасаған жоспарларын талқылады
Орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутерлерінің бірі Эдди Хирн Лос-Анджелесте жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды ды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап
Әңгіме барысында боксшы мен промоутер Геннадийдің алдағы жекпе-жектеріне жасаған жоспарларын талқылады.
«Бүгін кешке біз чемпион Геннадий Головкинмен жақсы кездесу өткіздік, келесі жекпе-жекті жоспарлап жатырмыз!», - деп жазған Хирн әлеуметтік желіде GGG-мен бірге түскен фотосын жариялады.
Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы Камил Шеремета болуы мүмкін. Жекпе-жек Чикагода 2020 жылдың ақпанында немесе наурызында өтеді деп жоспарлануда. Осыдан кейін қазақстандық боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізуге бел буып отыр.