Максим Галкин белорус балаға Қазақстанның туын сыйлады
Төрт жасар бала көптен бері өз коллекциясына Қазақстанның туын алғысы келіп жүрген
Төрт жасар Вадим Денисевич көптен бері өз коллекциясын бүркіт бейнеленген сары-көк байрақпен толықтырғысы келіп жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
Беларусьтің Гродно қаласының тұрғыны Вадим Денисевич «Лучше всех» шоуының жүргізушісі Максим Галкиннен Қазақстанның туын алды. Балақайдың географиядан білімі жұртты таңғалдырды. Ол әлемнің әртүрлі елдерінде орналасқан көрнекі жерлерді жатқа айтады.
Төрт жастағы Вадим Денисевич 150 елдің туын, көптеген әнұранды және мәдени көрікті жерлерді біледі. Бұл білімін ол шоуда дәлелдеді.
Үш номинация: «Ту», «Әнұран» және «Көрікті жерлер» бойынша өткен сайыста балақай барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, жеңіске жетті.
Соңында Максим Галкин Вадимді медальмен марапаттап, тәттілер салынған жолдорбаны сыйға тартты және бала көптен бері өз коллекциясына алғысы келіп жүрген Қазақстанның туын тапсырды.