ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 271 адам індет жұқтырып, 4 адам көз жұмды

Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Олардың өліміне компанияның қауіпсіздік техникасы мен құрылысты жүргізу технологиясын орындамауы себеп болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте құрылыс алаңында екі жұмысшының қайтыс болуына орай ҚК 156 бабының 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық әкімдікте өткен брифингке қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен ТЖД басшысының орынбасары Мадияр Жақсыбаев, Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен еңбек испекциясының басшысы және мердігер компания өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, қазір үйінді астында қалып аман қалған жүргізушінің жағдайы қалыпты. Тиісті медициналық емдеу шаралары жүргізілуде.

«Оқиғаға құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС тарапынан қауіпсіздік техникасы жəне құрылысты жүргізу технологиясын сақталмағаны себеп болуы мүмкін», дейді әкімдік өкілдері.

Еске салайық, кеше түнде Шымкенттегі құрылыс алаңдарының бірінде үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы қаза тапқан болатын. Тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кетіп, салдарынан шұңқырды қазып тегістеп жатқан үш техника жүргізушілері үйіндінің астында қалған еді. Бес сағатқа созылған құтқару жұмыстары кезінде бір техника сыртқа шығарылып, жүргізушісі аман қалды. Ал үйінді астында қалған екі техниканың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған