Семейде 10 пәтерлік үйдің шатырынан өрт шықты

15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: баспасөз қызметінен

Өрт сөндірушілердің тиісті қолданған шараларының арқасында 15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Семейде түнде он пәтерлік үйдің шатырында болған өрт сөндірілді. 

«8 қараша күні сағат 04:37-де Семейдің «101» пультіне Карьерная көшесіндегі бір қабатты он пәтерлік тұрғын үйдің өртке оранып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Жалпы ауданы 330 шаршы метр шатыр жанған», - делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілердің тиісті шараларының арқасында 15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 07:05-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 6 өрт сөрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 24 адамы жұмылдырылды.
 

Тегтер:
Сұхбат
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр
Бірінші дәрежедегі маманның айтуынша, Қазақстандағы әрбір бесінші-алтыншы әйел қалқанша без ауруына шалдыққан
Саясаттанушы АҚШ мемхатшысы Майк Помпеоның Орталық Азия елдеріне жасаған сапары нені көздейтіне кеңінен тоқталды
Қазір ол дәстүрлі исламға бет бұрғанын айтады