$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2019, 11:06
Жаңалықтар

Шымкентте топырақ басып қалған екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға құрылыс алаңында болған, ал құтқару жұмыстары бес сағатқа созылған

Шымкентте топырақ басып қалған екі жұмысшы қаза тапты
Фото: баспасөз қызметінен

Шымкентте құрылыс алаңында үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кеткен. Салдарынан шұңқырды қазып, тегістеп жатқан үш техника (1 жүк тиегіш, 1 кран және 1 жол тегістейтін каток) жүргізушілерімен бірге үйіндінің астында қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД (40 қызметкер, 11 техника), жергілікті атқарушы орган (10 жұмысшы, 2 техника), ПД (15 қызметкер, 2 техника), «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС (35 жұмысшы, 2 техника), «103» қызметі (4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды. Құтқарушылар бір техниканы шығарып, оның жүргізушісі аман қалды.

«ЮгСтройСервис-Н» ЖШС-на қарасты көп қабатты тұрғын үйдің ірге тас шұңқырын қазу кезіндегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 1993 жылғы азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық-емханалық ем тағайындалды. Ал, үйінді астында қалған 1969 және 1965 жылы туған азаматтар оқиға орнында көз жұмды. Шұңқырдың жалпы көлемі 1369 шаршы метр, тереңдігі 20-25 метр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды», - делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстары бес сағатқа созылды. Қазіргі таңда құрылыс алаңында тексеру шаралары жүргізіліп, қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталуда.

Серіктес жаңалықтары