15.09.2020, 02:25
Жаңалықтар
Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы үшін полицияға жеткізілді
Ол видеода халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов видеосы үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қ.Хамитов Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы кең тараған еді.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)