Оңтүстік Кореяда Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды
Көрмеге мәнерлеп сырғанаушының сирек фотосуреттері қойылған
Оңтүстік Кореяла Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды. Онда мәнерлеп сырғанаушының сирек фотосуреттері мен жеке заттары қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап
Сондай-ақ көрмеде спортшының шығармашылық туындылары жұрт назарына ұсынылды.
Бүгінде ел Денисті дипломат деп атайды. Қазақстан мен Корея арасындағы жоғары денгейдегі келіссөздерде әркез Теннің есімі аталады.
«Мен Денисті бала кезінен білемін. Оның мұз үстіндегі алғашқы қадамдарын көрдім. Ол Алматыда кішкентай балаларға сабақ бергенде «мына жігіт мәнерлеп сырғанау жұлдызына айналады» деп ойладым», - дейді тілші Ким Сан Ук.
Спорт арқылы, өзінің спорттық жетістіктері арқылы ол Қазақстанды әлемнің басқа елдерімен, оның ішінде, әсіресе Корея Республикасымен біріктірді, - деді Қазақстанның Корея республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев.
Денистің құрметіне арналған көрмеге Оңтүстік Кореяның ең әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары келді.
«Ол мәнерлеп сырғанаудың батыры. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атын шығаруды мақсат тұтты. Біз мұндай бірегей спортшыны ешқашан ұмытпаймыз», - деді 2010 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ким Ён А.