$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2020, 11:31
Жаңалықтар

Қазақстандықтар енді баспана сатып алғанда қолма-қол ақшасыз есептесе алады

Карантин кезінде елдегі онлайн-сауда күрт өскен

Қазақстандықтар енді баспана сатып алғанда қолма-қол ақшасыз есептесе алады
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк Қазақстанда ірі мәмілелер жасаған кезде де қолма-қол ақшасыз төлем жасайтын тетік енгізді. Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ірі мәмілелерді онлайн-төлемге ауыстыру халыққа қолайлы әрі қауіпсіз болады деген ойын жеткізді.

«Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің тізімін кеңейту үшін тамыз айынан бастап жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілеге қолма-қол ақшасыз төлеудің жаңа тетігін енгізіп отыр. Сол арқылы ірі мәмілелерді қолма-қол ақшасыз жасалатын есептер қатарына ауыстыра бастады. Жаңа тетік мәміле жасау процесін тез және қолайлы етуге мүмкіндік береді, елде көрсетілетін қызметті цифрландыру деңгейін арттырады, алаяқтықтың алдын кесіп, көлеңкелі экономиканы төмендетуге жәрдемдесе отырып, ірі операциялар бойынша есеп айырысулардың қауіпсіздігін арттырады», - деді Ерболат Досаев.

Жалпы, коронавирус пандемиясы Қазақстандағы онлайн-сауда саласының артуына серпін берген. Мәселен, биыл қаңтар-тамыз айларындағы төлем карталары арқылы жасалған сауда көлемі 24,6 трлн теңгеге жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде онлайн-сауданың үлесі 58%-ға аз болған.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары