$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2020, 10:58
Жаңалықтар

Қазақстанда сенбі-жексенбі күнгі карантин әлі шешілмейді

Денсаулық сақтау министрі бұл тәсілдің пайдасы бар екенін көрсетті дейді

Қазақстанда сенбі-жексенбі күнгі карантин әлі шешілмейді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус инфекциясын одан сайын таратпай, эпиджағдайға қатысты жағымды динамиканы сақтау үшін сенбі-жексенбі күнгі карантин сақталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«9 қыркүйектегi жағдай бойынша 106 498 науқас тіркелді. Соңғы тәулікте COVID-19-дың оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. 4810 адам ем алып жатыр, 100 042 адам (94%) ауруханадан шықты. 1646 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, республикада ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар КВИ жұқтырған 28 228 адам тіркелді. Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндеріндегі локдаун сақталады», - деді Цой.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары