$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2020, 11:01
Жаңалықтар

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 1,3 мың шетел азаматы бар – депутат

Жыл сайын елімізге 6 миллионнан аса шетелдік азамат келіп-кетеді

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 1,3 мың шетел азаматы бар – депутат
Фото: otyrar.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Василий Иванович төменгі палатаның жалпы отырысында жасаған баяндамасында Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 1300 шетелдік азамат барын айтты.

«Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 2 жыл және 2020 жылдың 8 айы ішінде заңды бұзғаны үшін Қазақстаннан 25,5 мың шетелдік елден шығарылған, олардың 2000-ға жуығы сот міндеттерін орындамаған. Олардың қатарында әкімшілік және қылмыстық заң бұзғандар да бар. Жыл сайын елімізге 6 млн-нан астам шетелдіктер келіп-кетеді, олардың қатысуымен 220 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық және 4000-ға жуық қылмыс болды. Қазір 1300 шетелдіктің бас бостандығы шектеліп, олар жазасын өтеп жатыр. Осыған байланысты, аталған мәселелерді заң шеңберінде реттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр», - деп атап өтті Василий Иванович.

Осы мәселеге байланысты бір топ депутат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліс талқылауына ұсынды.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары