Эссексте табылған 39 мәйіттің кімдер екені анықталды
Полиция олардың туыстарына қаралы хабарды естіртті
Ұлыбритания полициясы жүк көлігінен табылған 39 мәйіттің кімдер екенін түгел анықтады деп хабарлады rns.online. Мәйіттер тиелген көлік Эссекс графтығында ұсталған болатын.
Полицейлердің хабарлауынша, құжаттар тексеруге жіберілген соң көп ұзамай мамандар марқұмдардың кім екендіктерін түгел анықтап шыққан. Артынша, олардың туыстарына қаралы хабарды жеткізіпті.
Құқық қорғаушылар толық ақпарат бермегенімен, алдын ала болжам бойынша қайтыс болған адамдарджың бәрі Вьетнам елінің азаматтары. Олардың 31-і ер адам, қалған сегізі әйелдер. Қазір тергеу ісіне вьетнамдық полицейлер де араласып жатыр.
Daily Mail мәліметінше, аталған іске қатысты Вьетнамда 8 адам ұсталған. Олардың екеуіне жұмысшыларды заңсыз тасымалдады деген айып тағылды.