Ресейлік жасөспірім қызға әдепсіз фотосуреттер жіберген қазақстандық 6 жылға сотталды
Ресей азаматы полицияға 2016 жылы жүгінген

Ресей Федерациясының тұрғыны Наталья Сташова ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевқа, сондай-ақ ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке алғыс білдірді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2016 жылы оның кәмелетке толмаған қызының телефонына әдепсіз мазмұндағы фотосуреттер түсе бастағаннан кейін әйел полицияға жүгінген. Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары қаскүнемнің Павлодар облысының аумағында тұратынын анықтаған. Сондықтан осы іс бойынша барлық материалдар Қазақстанға жіберіліп, полиция қызметкерлері тиімді жұмыс нәтижесінде қылмысты ашқан», - деп жазылған ақпаратта.
Күдіктіге 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.