COVID-19: Қазақстанда 24 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
18 науқас аса ауыр халде жатыр
6 қыркүйектегі коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 151 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 31 бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған ақпаратта.
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен 423 науқас тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 83 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан 6 қыркүйегіне дейін: науқастар саны – 27 623, өлім жағдайлары - 313, барлығы 5957 адам сауығып шықты.