Ұлттық банк «Сиыр жылы» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
Монеталар 2020 жылғы 8 қыркүйектен бастап сатуға түседі
Ұлттық банк 500 теңгелік алтын мен күмістен «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясымен «Сиыр жылы» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Монеталарды Ұлттық банктің барлық аумақтық филиалдарынан сатып алуға болады, сондай-ақ Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
Монеталардың дизайнында «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының (Алматы) мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылған. Композиция авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татаринов және В. Кацев.
«Сиыр жылы» монеталарының сипаттамасы:
Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.
Монеталардың реверсіндегі орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2021 жылдың символы – сиыр бейнеленген. Монетаны айналдыра «2021», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» деген жазулар жазылған. Монеталардың ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.
Алтын және күміс монеталар он екі қырлы және олардың бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.